«Емтиханға қалай дайындалу керек!» 11а,11әсынып оқушыларына қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда кеңес беру
«Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылы 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушылармен «Емтиханға қалай дайындалу керек»
Қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда кеңес беру
тақырыбында іс-шара туралы
Хаттамасы №
Өтілген күні:13.02.2025 ж
Қатысқандар: 11 «А» , 11 «Ә» сынып оқушылары
Барлығы:11А – 8 оқушы , 11Ә – 10 оқушы
Қатыспағаны:жоқ
Тақырыбы: «Емтиханға қалай дайындалу керек»
Әдісі: Қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда кеңес беру
Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді жолдармен таныстыру.
Барысы:Мектеп педагог-психологы:Курманхан.Н 11 А , 11Ә сынып оқушыларына «Емтиханға қалай дайындалу керек» тақырыбынды қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыда кеңес берілді.Оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.
Кеңес
Психологиялық тұрғыда қалай дайындау керкек
Қиын ситуация кезеңде өзіңді жоғалтып алмау үшін шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ . Барлық нәрсні біртіндеп жасағаны жөн.
Емтихан алдында , біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала бастаңыз.
Егер ойды жинақтау қиын болса жеңілін есте сақтап сосын қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан , шаршағаннан арылу үшін төменгі жаттығуларды күнделікті орындауға ұсынамын.
Көзің шаршаса не істейсің ?
Емтиханға дайындалу кезеңде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса,онда ағзаң шаршайды . Мұндай емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзің демалуына жағдай жасау қажет.
Кез- келкеген екі-үш жаттғуды орында :
- кезегімен – жоғары –төмен (25сек), оңға солға (15сек) қара;
- көз қарашығыңмен аты – жөніңді жаз;
- ұзақ бір затқа 20 секунд, сосын алдындағы қағазға 20 секунд көзіңді тік
- сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығымен шеңбер, төтбұрыш, үшбұрыш сал.
Күн тәртібі
Бір күнді үш бөлікке бөл.
- емтиханға дайындық 8 сағат
- спортпен, бимен айналысуға, таза ауада серуендеуге, 8 сағат
- 8сағат кем үйықтама және қажет болса түсте демалып ал
Тамақтану
- Тамақтану 3- 4 реттен және витаминге толы болу керек.
- Тамақтанғанда гірек жаңғағын , сүт өнімдерін балықты , етті, көкөністерді жеміс –жидекті шоколодтты қолдану керек.
- Тағыда бір кеңес емтихан алдында көп тамақ ішпеу.
Сабаққа арналған орын
Жұмыс кеңстігін дұрыс үйымдастыр.Үстел үстінде сары және күлгін суреттер мен заттар қой,өйткені ол интелектуалдық белсенділікті арттырады.
Үлкен материал қорын қалай есте сеқтау керек
Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз ,сосын даталармен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханға бір күн қалғанда бәрін қарап шық.
Ойды қалай дамытамыз ?
1. Ақылды болғың келсе парасаттылық пен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, салмақты жауап беруге үйрен.
2. Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлауда мүмкін емес.
3. Ойлауды дамыту бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін мектеп,кітаптапр, компьютер,адамдар. Олар заттар мен құбылыстар , адамдар туралы хабарлар беріледі.
4. Ойлауды - дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтан да ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру.
6. Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабылетін игеру.
7. Адам объектінін белгілерін неғұрлым көп байқаса оның ойлауы соғұрлым жетілінеді.
8. Ойлау мен сөйлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты оқылған еркін жетікізу, пікір – сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдау, өзің аяғынан дейін түсінбейтінді басқаға айтып беру.
Есте сақтадың кейбір заңдылықтары
1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.
2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса , онда түсіну де жоғары.
3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы.
4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек
5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастаған жөн.
Жұмыс қабылетін қолдану шарты
1.Ақыл- ой мен ден еңбегін кезектестіру
2. Гимнастикалық жаттығулар
3. Көзді сақтау үшін , әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау ( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу)
Талдау:
Психологиялық тренинг қорытындысы бойынша: ҰБТ-ге сенімділіктерін арттыру жаттығуларынан соң оқуға деген мотивациялары артты, оқушылар өздері туралы, жеке, топтық кеңеске келді.
Ұсыныс:
- Оқушының өзіне сенімділігін жаттығуларын жиі жүргізу;
- Оқушылармен жеке, дара әңгімелесу;
- Оқушылардың өзіндерін адекватты бағалауына жағдай жасау;
- Сергіту жаттығуларын жиі орындату;
Ұсыныспен таныстым:
Сынып жетекшілері: Құсайынова.Г.Б
Кенжетаева.А
Мектеп педагог-психолог: Курманхан.Н