ПИЗА –ға дайындық 8-10 сынып оқушыларына психологиялық тұрғыда кеңес беру, тренинг ойын-жаттығулар. «Күш бірлікте» бағдарламасы негізінде өткізілген түзету – дамыту №3 сабағының
ПИЗА –ға дайындық 8-10 сынып оқушыларына психологиялық тұрғыда кеңес беру, тренинг ойын-жаттығулар. «Күш бірлікте» бағдарламасы негізінде өткізілген түзету – дамыту №3 сабағының
ХАТТАМАСЫ
Тақырыбы: «Мен адамдар арасында»
Мақсаты:топтағы қатысушылардың өзара көбірек араласуына мүмкіндік беру.
Сынып: 9-10 сыныптар
Өткізген күні: 30.01.2025 жыл
Қатысқандар: 37 оқушы
Орындау ережесі: Сынып ішінде оқушыларды ортаға шығарып түрлі жаттығулар жүргізіледі. Жаттығулардың мақсаты мен жүргізілу барысы түсіндіріледі.
Тренинг барысы:
«Доппен ойын» сәлемдесу жаттығуы
Жүргізуші. Бір-бірлерінің есімдерін естерінде сақтадыңдар ма? Ал қазір біз ойын ойнаймыз, осы ойынның көмегімен сендер бір- біріңнің есімдеріңді жақсы есте сақтауға мүмкіндік аласыңдар. Мен доп лақтырамын, кім допты ұстаса, өз есімін атайды. Содан кейін допты адамға лақтырады да, сол адамның есімін атайды. Егер кімде- кім топтағы қатысушылардың есімін ұмытып қалатындай болса, онда сол адамнан есімін еске түсіріп жіберуді сұрауға болады. Бұл жаттығу қатысушылар есімін жақсы сақтауға ықпал етеді.
«Мен адамдар арасында» жаттығуы
Бұл жаттығулар жиынтығының мақсаты: топтағы қатысушылардың өзара көбірек араласуына мүмкіндік беру.
1.«жұптасып араласу» Өзіңізге жұп таңдаңыз. Онымен бірге төменде келтірілген жаттығулардың біріншісін орындау. Бес минуттан кейін жаңа жұп тауып екінші екінші жаттығуды орындаңыз. (мүмкіндігінше екі жаттығу орындау керек)
2.«Қабырға»
Екі адам бір-біріне арқаларын тірестіріп еденге отырып сөйлесіп көріңіз. Бірнеше минут өткен соң бір- біріңізге бұрылып ойларыңызбен бөлісіңіздер.
3.«Отырып және тұрып»
Жұптағы екеуінің біреуі тұрады екіншісі отырады. Осы қалыпта сөйлесіп көріңіз. Бірнеше минуттан кейін орындармен ауысыңыз. Бұл әрқайсысы бір- біріне жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарауы үшін керек. Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
1.«Көзбе- көз» Бір- біріңіздің көздеріңізге қарап тек көзқараспен сөйлесіңіз. Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
2.«Бетті зерттеу» Келесі жұпты тапқан соң онымен сойлеспей- ақ қарама қарсы отырып оның бетін сипаттаңыз. Одан кейін оған өз бетіңізді сипаттауға мұрша беріңіз. Ойлармен бөлісіңдер. Әр- бір қатысушының уақыты болғаны жөн.
«Бірге гүлді баптайық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың қарым- қатынасын нығайту.
Бұл жаттығу топпен орындалады.Оқушылар шеңберге тұрады. Жерге гүл қойылады. Гүл суару ыдысына ленталар байланған. Ленталардың көмегімен ыдысты ұстап суды жерге төкпей, гүл суару ыдысымен бірігіп гүлді суару керек.
Сабақ барысында жоспарға сай ойын- жаттығулар өтті. Талқылауға сұрақтар ұсынылды.Оқушылар тренинг сабақ кезінде өздерін белсенді ұстап, сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Қорытынды: оқушылармен жүргізілген тренинг сабақ өз нәтижесіне жетті, тренинг соңында оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Педагог- психолог Курманхан Нұржан