6 «А» , 6 «Ә» сынып оқушылармен «Күш бірлікте » бағдарламасы аясында түзете –дамыту сабағы
«Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылы
6 «А» , 6 «Ә» сынып оқушылармен «Күш бірлікте » бағдарламасы аясында түзете –дамыту сабағы
Хаттамасы №
Тақырыбы: «Күш бірлікте» авторлық бағдарламасының«Менің сезімім» түзету-дамыту сабағы.
Мақсаты: Қарым- қатынасқа түсу барысында көңіл- күйді эмоцияны сезіне білуді үйрету.
Сынып: 6А,6Ә сынып
Өткізген күні: 06 .02.2025 жыл
Қатысқандар: 6А - 22 оқушы, 6Ә – 21 оқушы
Орындау ережесі: Сынып ішінде оқушыларды ортаға шығарып түрлі жаттығулар жүргізіледі. Жаттығулардың мақсаты мен жүргізілу барысы түсіндіріледі.
Тренинг барысы:
«Жұп болып сәлемдесу» жаттығуы
Осы жаттығу қатысушыларға бір- бірін жақсы танысада, тереңірек тануға көмектесті. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы шеңбердегі кез- келген адамды жұп болуға таңдап алды. Содан соң сол жұптарының қасына отырып кім бірінші, ал кім екінші болатындары жайлы келісіп алды.
Ойынның бірінші бөлімі- жұп болып жұмыс істеу. Басында біріншілер өздері жайлы мәлімет берді (өзінің достары, отбасы, мінезі, өзінің сүйіп шұғылданатын ісі жайлы, қызығушылықтары туралы т.б.) Ал екінші біреуі өзінің жұбын мұқият тыңдап, оның айтқандарын есте сақтап алуға тырысты. Жүргізуші: «Тоқта!», - дегенде жұптар рөлдерін ауыстырды.
Ойынның екінші бөлімі- жұбын таныстыру (ойынның 2-ші бөлімі 1-ші бөлім аяқталған соң хабарланды. Қайта шеңбер ұйымдастырылып әр қатысушы өзінің жұбының артына тұрып қолын иығына қойып таныстырды.
«Өзін- өзі жарнамалау» жаттығуы
Жаттығуға қатысушылар жұмыс берушіге екі не үш минут ішінде өзінің психалогиялық ерекшеліктерін, икемділігін, жетістіктерін көрсетіп хат жазды. Хатына қол қойып, оны почта жәшігіне жазды. Барлық хат жиналған соң, мен авторлардың есімін оқымай, хаттың мазмұнын ғана оқыдым. Шеңбер бойында хатты талдау жүргізілді. Хаттың авторын тапты. «Сезім» жаттығуы
Сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемдерді қалай аяқтайсыз?
Менің алдымнан адам шыға келсе, онда мен.... сезінемін.
Кішкентай баланы көргенде мен ..... сезінемін.
Танымайтын адамды көргенде мен..... сезінемін.
Оқушылар алған әсерлерімен бөлісті
Сабақ барысында жоспарға сай ойын-жаттығулар өтті. Талқылауға сұрақтар ұсынылды.Оқушылар тренинг сабақ кезінде өздерін белсенді ұстап, сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Қорытынды: оқушылармен жүргізілген тренинг сабақ өз нәтижесіне жетті, тренинг соңында оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Педагог- психолог : Курманхан.Н