Қорытынды аттесттатауға оқушыларға психологиялық көмек «Мен брэнд» бағдарламасы негізінде өткізілген түзету – дамыту №4 сабағының
Қорытынды аттесттатауға оқушыларға психологиялық көмек «Мен брэнд» бағдарламасы негізінде өткізілген түзету – дамыту №4 сабағының
ХАТТАМАСЫ
Тақырыбы: « Өзіне деген сеніимділікті арттыру жаттығулары ішкі әлемім»
Мақсаты: Қарым- қатынасқа түсу барысында көңіл- күйді эмоцияны сезіне білуді үйрету.
Сынып: 10А,10Ә, 11 сыныптар
Өткізген күні: 04.02 .2025 жыл
Қатысқандар: 42 оқушы
Орындау ережесі: Сынып ішінде оқушыларды ортаға шығарып түрлі жаттығулар жүргізіледі. Жаттығулардың мақсаты мен жүргізілу барысы түсіндіріледі.
Тренинг барысы:
«Жұп болып сәлемдесу» жаттығуы
Осы жаттығу қатысушыларға бір- бірін жақсы тануға көмектеседі. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы шеңбердегі кез- келген адамды жұп болуға таңдап алуы тиіс. Содан соң сол жұптарының қасына отырып кім бірінші, ал кім екінші болатындары жайлы келісіп алады.
Ойынның бірінші бөлімі- жұп болып жұмыс істеу. Басында біріншілер өздері жайлы мәлімет береді (өзінің достары, отбасы, мінезі, өзінің сүйіп шұғылданатын ісі жайлы, қызығушылықтары туралы т.б.) Ал екінші біреуі өзінің жұбын мұқият тыңдап, оның айтқандарын есте сақтауға тырысады. Жүргізуші: «Тоқта!», - дегенде жұптар рөлдерін ауыстырады.
Ойынның екінші бөлімі- жұбын таныстыру (ойынның 2-ші бөлімі 1-ші бөлім аяқталған соң хабарланады. Қайта шеңбер ұйымдастырылып әр қатысушы өзінің жұбының артына тұрып қолын иығына қойып таныстыруы тиіс.
«Өзін- өзі жарнамалау» жаттығуы
Мақсаты: Өзін- өзі ашу, өзін- өзі тану, өзінің психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Нұсқау: Жаттығуға қатысушылар жұмыс берушіге екі не үш минут ішінде өзінің психалогиялық ерекшеліктерін, икемділігін, жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қол қойып, оны почта жәшігіне жазады. Барлық хат жиналған соң, жүргізуші авторлардың есімін оқымай, хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойында хатты талдау жүргізіледі. Хаттың авторын табу керек.
«Сезім» жаттығуы
Мақсаты: Қарым- қатынасқа түсу барысында көңіл- күйді эмоцияны сезіне білуді үйрету.
Сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемдерді қалай аяқтайсыз?
Менің алдымнан адам шыға келсе, онда мен.... сезінемін.
Кішкентай баланы көргенде мен ..... сезінемін.
Танымайтын адамды көргенде мен..... сезінемін.
Бірге оқыған сыныптастарымды көргенде мен.... сезінемін.
Менің танысым тоқтай қалып қалтасын қарады, мен.... сезінемін.
Мен сәлемдескен адамым бөтен болып шықты, мен .... сезінемін.
Мен ескі махаббатымды көрдім, мен.... сезінемін.
Қандай әсер алдыңыз?
Сабақ барысында жоспарға сай ойын-жаттығулар өтті. Талқылауға сұрақтар ұсынылды.Оқушылар тренинг сабақ кезінде өздерін белсенді ұстап, сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Қорытынды: оқушылармен жүргізілген тренинг сабақ өз нәтижесіне жетті, тренинг соңында оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Мектеп педагог- психологы: Курманхан.Н