11А сынып оқушысы «Алтын белгіге » үміткер Дамужан Сағындықпен «Достық тізбегі» тақырыбында тренинг жаттығу » Жетісу облысы Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11А сынып оқушысы «Алтын белгіге » үміткер Дамужан Сағындықпен «Достық тізбегі» тақырыбында тренинг жаттығу
26
сентябрь
2024

11А сынып оқушысы «Алтын белгіге » үміткер Дамужан Сағындықпен «Достық тізбегі» тақырыбында тренинг жаттығу

 «Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі»КММ 2024-2025 оқу жылы  11А сынып оқушысы «Алтын белгіге » үміткер Дамужан Сағындықпен «Достық тізбегі» тақырыбында тренинг жаттығу

   ХАТТАМАСЫ  № 

Тақырыбы: «Достық тізбегі»

Мақсаты:Оқушылардың арасында өзара жағымды қарым-қатынасын орната отырып қарым-қатынасты нығайту және топтағы лидерді анықтау

Сынып:  11А,11Ә - сынып

Өткізген күні: 26.09.2024 жыл

Қатысқандар: 22 оқушы

Орындау ережесі:  Сынып ішінде оқушыларды ортаға шығарып түрлі жаттығулар жүргізіледі. Жаттығулардың мақсаты мен жүргізілу барысы түсіндіріледі.

                                                 Тренинг барысы:

 «Ортаға шығаратын есім» сәлемдесу жаттығуы

Қатысушылардың әрқайсысы кезекпен шеңбердің ортасына шығып, өз есімін айтады. Есімін атаған кезде әрбір қатысушы өзіне ғана тән қимыл- қозғалыс немесе кідіріс жасау керек. Барлығы түсінікті болу үшін, ойынды жүргізуші бастаған жөн.

«Күннің шуағы» жаттығуы 

Мақсаты: Өзіңнің ең жақсы қасиеттерін   анықтау, қиын ситуацияларды жеңуде аталған сапаларын қолдануға дағдылану.

Жүргізуші: Ақ параққа күннің суретін салыңыз. Ортасына домалақтап күнді бірнеше шуақтарымен салайық. Домалақтың ішіне өз атыңызды немесе суретіңізді салыңыз. Әрбір күннің шуақтарына өзің туралы жақсы сөз жазыңыздар. Тапсырма - өзіңіз туралы бұданда жақсырақ жазуыңызға болады. Суретті салып болғаннан кейін қатусушыларға келесі тапсырма беріледі. 

Жазушы: Егер өзіңізді нашар сезіне бастасаңыз және еш нәрсеге жарамсыз бола бастасаңыз, сол күнді алып қараңыз, неліктен қасиеттеріңізді жазғаныңызды ойлаңыз. Дәлелдеген осы қасиеттеріңізді айқындайтын көптеген мысалдар келтіріңіз. Бұдан да жақсы болар еді, егер күнделікке немесе үнтаспаға жазғаныңызды. Жақсы көру – әрдайым өзіне қарап, басынан сипау не кешіру емес. Өз- өзіңді жақсы көру- бұл өзіңнің жетіспеушілініңді , жағымсыз жақтарыңды түсіну күшіңді жинау, мазасыз ойларыңды жеңе білу, мықтымын жақсы бола бастадым, тәуелсізбін деп өзіңе- өзің айта алу. Міндетті түрде әр – түрлі қиындықтарға дайын болу.

«Қолтырауын» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастыққа  назар аудару.

Топ екі командаға бөлінеді. Біріншісі қандай да бір мамандықты жасырады, екіншісі өзінің ойыншысын (оның келісімімен) бірінші жібереді. Олар оған жасырған мамандығын айтады. Ал ол болса оны тек ыммен ишарамен белгілеп көрсетеді, ал оның командасы оны қандай мамандық екенін білуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды.

«Достық тізбегі» жаттығу                                       

Мақсаты: Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынасын орната отырып қарым-қатынасты нығайту және топтағы лидерді анықтау.

Көрнекілік: доп, корзина, көз байлауыш (шарф).

Жүргізілу барысы: Оқушылар бөлінген топ бойынша бір қатарға тұрады. Тізбектің соңындағы қатысушының ғана көзі ашық болады, қалғандарының көзі байлаулы болады. Артындағы адам тізбекті басқарып отырады. Алдында тұрған адам жердегі допты алып бөлмеде тұрған корзинаға салады. Тапсырманы орындаған адам көзін ашып тізбектің артына барады.

 Сабақ барысында жоспарға сай ойын- жаттығулар өтті. Сыныпты топқа бөліп, топтармен жұмыстар жүргізілді. Талқылауға сұрақтар ұсынылды.Оқушылар тренинг сабақ   кезінде өздерін белсенді ұстап, сұрақтарға толыққанды жауап берді. 

Қорытынды: Оқушылармен жүргізілген тренинг өз нәтижесіне жетті, тренинг соңында оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.






Педагог- психолог:                              Курманхан Нұржан 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив