09
декабрь
2025
«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі
Еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жас ұрпақтың жетістіктерін насихаттау мақсатында 9-15 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары арасында «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылды. Челлендж барысында оқушылар өздерінің білім, спорт, өнер және шығармашылық салаларындағы жетістіктерін таныстырып, оны туған еліне арнайтынын мақтанышпен жеткізді.
Оқушылар түсірген бейнероликтерде Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік пен ел болашағына сенім айқын көрініс тапты. Челлендж оқушылардың белсенділігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға ықпал етті.
Аталған челленджге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіріліп, олардың жетістіктері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды.