«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында: «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында эссе байқауы
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында 5-8 сынып оқушылар арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын ояту, еңбекке адал көзқарас қалыптастыру, арман мен мақсатқа жету жолында табандылыққа тәрбиелеу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шара барысында оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, болашақта таңдаған мамандығы туралы арман-мақсаттарын әсерлі жеткізе білді. Эсселерде түрлі мамандық иелеріне деген құрмет, еңбекқорлық пен адалдыққа деген көзқарас көрініс тапты.
Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен ынталандырылды.
Бұл шара жас ұрпақты еңбекқорлыққа, өз арманына жетуге талпынуға, мамандық таңдауда саналы қадам жасауға бағытталды.