«Қош келдің, Жаңа жыл!» » Жетісу облысы Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2025

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде 2024 жылдың 23–26 желтоқсан күндері оқушылар арасында Жаңа жыл мерекесіне арналған бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

2025 жылғы 23–24 желтоқсан күндері мектептің АКТ залында 1–5 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Мерекелік шара мектеп ұжымы әзірлеген сценарий бойынша ұйымдастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді.
 Шара барысында Аяз ата, Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мен жыл иелері қатысып, әндер айтылып, билер биленіп, ойындар ойнатылды. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйланып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

2025 жылғы 24 желтоқсан күні 6–8 сынып оқушыларына арналған кіші бал-маскарад ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі кейіпкерлер бейнесінде өнер көрсетіп, би бағдарламалары мен ойын-сауық сайыстарына қатысты. Кіші бал-маскарад оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.

2025 жылғы 26 желтоқсан күні 9–11 сынып оқушыларына арналған үлкен бал-маскарад өткізілді. Бұл кеш жоғары сынып оқушылары үшін ерекше форматта ұйымдастырылып, мәдени демалыс пен эстетикалық тәрбие беруге бағытталды. Бал-маскарад барысында сәнді киімдер шеруі, би бағдарламалары, музыкалық номерлер мен көңілді ойындар өткізілді.

Барлық жаңа жылдық іс-шаралар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив