28
февраль
2025
"Масленица" іс-шарасы
Бүгін Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде қыс мезгілін шығарып салу және көктем мезгілін қарсы алу дәстүрі бойынша Масленица «Құймақ» мерекесі тойланды. Мерекеге қатысушы білім алушылар мен ата-аналар үшін түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында би билеп, көңілді әндер шырқалды. Атмосфера жылулық пен мейірімділікке толы болды, бұл ерекше бірлік пен қуаныш сезімін тудырды. Мереке оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстарды нығайтуға тамаша мүмкіндік болды, сондай-ақ халқымыздың бай мәдени дәстүрлерін еске түсірді. Соңғы нота Масленица кейіпкерін жағумен аяқталды. Мереке соңында бас жүлде иегерлері 2 «Б» сынып атанса, 1 орынды 6 «Б», 4 «Б», 3 «Б» сынып оқушылары иеленді. 7 «Б», 1«Б», 9 «Б» сынып оқушылары 2 орынды иеленсе, 5 «Б», 8 «Б», 10 «Б» сыныптары 3 орынды иеленді.