02
сентябрь
2025
«Ұстаздар күні»
Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. "Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы" демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Осы орайда 29-қыркүйек - "Ұстаздар күні" мерекесіне орай " Ұстаз болу –жүректің батылдығы!" тақырыбында мерекелік шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Басты мақсаты –мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтау, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Мерекелік кештің алдында шәкірттеріміз ұстаздарын қызыл кілемнің үстімен жүргізіп, қошеметпен қарсы алды. Мерекелік кеш барысында өзін –өзі басқару ұйымының белсенділері мектеп ұстаздарына ән шашуларын арнап, билерін билеп көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар өткізді