Дүниежүзілік денсаулық күніне орай: «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты кездесу кеші
Ағымдағы 2025 жылдың 07 сәуір күні біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес Алдын алу шаралары: Дүниежүзілік денсаулық күніне орай - «ерте жүктіліктің алдын алу» атты 9-11 сынып оқушыларымен кездесуге Көксу аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастырушы дәрігер Р.Дәлелханұлы, ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша гениколог Сариева Алия Абдуллаевна шақырылды. Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі бойынша оқушыларды, жастарды ақпараттандыру, жыныстық тәрбие беру, контрацепцияның маңызын түсіндіру. Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектеп медбиесі Г.Тажеманова 7-11 сынып оқушыларымен «ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылар үшін бұл тәрбие сағатының тағылымы мол болды. Маңызды ақпараттар айтылып, дәлелді деректер келтірілді.