АПБ бірлескен тоқсандық жұмыс жоспарына сәйкес «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»
Қаңтар айының 31 күні кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша АПБ қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жоспарына, кәсіптік бағдар беру іс-шара жоспарына сәйкес Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Ернар Серікжанұлы Қалтаев Көксу ауданы, Балпық би ауылы орталығында орналасқан Н.Алдабергенов, Б.Құндақбаева, М.Құрманов, Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп оқушыларымен Көксу АПБ “Ашық есік” іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында жастары кәмелетке толмағандарға арнайы жабдық құралдары, қызметтік автокөліктер, кезекші бөлімі және тағы басқада қызметтік кабинеттер көрсетіліп, жасөспірімдердің отан сүйгіштік қасиеттерін ояту мақсатында аудандық полиция басшысы патриоттык такырыпта әңгіме жүргізіп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасамау, олардың салдары туралы түсіндірме жүргізіп, болашақта полиция қызметкерлерінің қатарын толтыруға шақырды