«Ата-аналармен жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің алдын - алу» тақырыбында ата-аналар жиналысының
«Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылы бойынша «Ата-аналармен жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің алдын - алу» тақырыбында ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №
Қаңтар айы
Күні:24.01.2025ж
Қатысқандар:
Әдіскер: Малтаева А.М
Мектеп педагог-психологтары: Курманхан.Н ,Смайлова.М
Қатысқан ата-аналар: 6-8 сынып ата-аналары - 24 адам
Күн тәртібінде:
- «Ата-аналармен жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің алдын - алу» слайд
- «Рухани адамгершілік, жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық» шебер –сынып
- Психологиялық тренинг жаттығулары.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:Көксу аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Малтаева А.М өз сөзінде бүгінгі ата-аналарға арналып отырған жиналыстың күн тәртібімен таныстырып. Ата-аналарға «Ата-аналармен жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің алдын - алу» тақырыбында слайд арқылы түсіндіріп, денсаулық, денсаулық сақтау мен нығайту әдістері, адам денсаулығына оң және теріс ықпал ететін факторлар, салауатты өмір салтын сақтау, гендер, гендірлік теңдік, неке (ерте неке) балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық тәрбие ұғымы туралы ақпараттар айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша:мектеп психологтары Курманхан.Н мен Смайлова.М ата-аналарды «Жұпын тұру» молекулалар әдісі арқылы 3 топқа бөліп «Рухани адамгершілік, жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық» шебер-сынып жүргізілді.
1 топ : Балалың дұрыс тамақтануы;
2топ: Балаланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
3топ: Күн тәртібі, күн режимі;
Рухани адамгершілік, жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық бойынша «Қуыршақ театры» әдістемесі арқылы қорытынды түсіндірмелі жұмыс жүргізілді.
Үшінші мәселе бойынша: ата-аналармен «Бәрі біледі ,,мен туралы» тренинг жаттығулары ата-аналармен шеңбер бойымен жүргізіліп, ата-аналар өздері туралы айтып өтті, «Үйшік» жаттығуы , «Әріптер сөйлейді» , «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» жаттығулары арқылы бала мен ана-ана арасындағы қарым-қатынасты, байланысты анықтап, баламен , мектеппен қарым-қатынас нығайтылды.
Сұрақ қоюшылар: Мамырбекова.С, Мырзағали.А
Сөз сөйлегендер:
Ожыхан Жабықбай – 7а сынып Жабықбай Дарынның әкесі өз сөзінде балаларға қазақи тәрбие беру керек, салт-дәстүрді әр отбасында үмытпау керек, отбасы құндылықтарын ата-аналар балаларға дәріптеп отыру керектігін айтып өтті.
Дулатбаев Шокан Аблайханович – 7а сынып оқушысы Аблайхан Ерасылдың әкесі- өз сөзінде бүгінгі ата-аналармен өтіліп отырған тақырып өте өзекті, отбасында аналар қыздарымен, әкелер ұлдарымен ашық сөйлессе барлық мәселе өз шешеімін табады , бүгінгі өтілген ата-аналар жиналысына алғысын білдіріп, рахмет айтты.
Ата-аналарға ұсыныс:
- Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын ролі туралы білу;
- Жауапкершілікпен бала тәрбиесіне көңіл бөлу;
- Баламен үй жағдайда көбірек сырласу, қарым-қатынаста болу;
- Мектеппен тығыз қарым –қатынасша шақыру
Мектеп спихологы: Курманхан.Н