Құқықтық кеңес отырысы. » Жетісу облысы Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2019

Құқықтық кеңес отырысы.

Құқықбұзушылықтың алдын алу жоспарына сәйкес қазан айының 24 күні құқықтық тәрбие кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібінде
1. Мектепішілік бақылауда тұратын оқушылармен жұмыс
2. Сабақтан себепсіз қалатын оқушыларды анықтау
3. Туу туралы куәліктері жоқ оқушылардың ата-аналарымен жұмыс.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мектепішілік бақылауда тұратын оқушылардың тәлімгері сөз алып, өз сөзінде мектепішілік бақылауда тұратын оқушылармен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Тәлімгердің айтуы бойынша мектепішілік бақылауда тұратын оқушылардың тәртібі жақсы, сабақта сыныптастырмен, мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Сабақ үлгерімдері қанағаттанарлық. Оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттары қадағаланып, үйірмелерге, қосымшаларға баруы ұйымдастырылған. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша мектептің педагог-ұйымдастырушысы А. Кокенов сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың жоқтығын айтты. Күнделікті оқушылардың сабаққа келулері қадағаланып, мәліметі жазылып отыратынын айтты. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогі сөз алып, өз сөзінде мектебіміздегі 2 б сынып оқушысында туу туралы куәлігінің жоқтығын айтып оның себебін түсіндіру үшін оқушының анасы келгенін хабарлап таныстырды. Мектеп директоры А.Алдибекова осы күнге дейін оқушының құжатының не себепті жоқтығын түсіндіріп беруін сұрады. Осы мәселе бойынша анасы өзінде ҚР азаматтығы жоқтығын айтып сол себепті баласына туу туралы куәлікті алып бере алмағанын айтты. Өзі Ресей елінің азаматы екендігін айтып, баласына туу туралы куәлікті алу үшін Алтай өлкесінің елшілігіне сұраныс хат жіберу керектігін айтты. Осы мәселеге қатысты мектеп директоры А.Алдибекова Көксу ауданы білім бөлімінің басшысыны және Көксу АПБ бастығына полиция подполковнигіне өз құзіреттілігі тарапынан көмек көрсетуі туралы сұраныс хат жолдайтынын айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив