10
октябрь
2025
«Өмірге салауатты қадам» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің және келеңсіз жағдайдың алдын алу »
Ағымдағы жылдың 10-қазанында Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде «Өмірге салауатты қадам: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің және келеңсіз жағдайдың алдын алу» тақырыбы аясында құзырлы орган қызметкерлерімен (стейкхолдерлермен) кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімі мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, мектеп психологы және әлеуметтік педагог қатысты.Қонақтар оқушыларға құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың салдары мен оның заңдық жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп, өмірлік мысалдар арқылы өз ойларын ортаға салды.
Кездесудің мақсаты:
Оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, келеңсіз жағдайлар мен суицидтің, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу, салауатты өмір салтына баулу.