«Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесу
Ағымдағы жылдың 3-желтоқсан күні Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС/СПИД-ке қарсы күрес күніне орай мектепте «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру, оның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдерін түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын насихаттау.
Шара барысында мамандар індеттің таралу қаупі, ерте анықтаудың қажеттілігі, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз сауалдарын қойып, маңызды кеңестер алды.
Кездесу оқушылардың ақпараттылық деңгейін арттырып, салауатты өмірге қадам жасауға бағыт берді.