«Мектеп президентін» және «Өзін-өзі басқару» белсенділер ұйымын сайлау
Ағымдағы жылдың 22-қазанында Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы аясында мектеп президентін және «Өзін-өзі басқару» белсенділер ұйымын сайлау өткізілді. Сайлау тізімінде барлығы 323 оқушы бекітілді, жалпы қатысқан 263 оқушы өз дауыстарын берді( 81%) Сайлауға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз үміткерлерін қолдап, дауыс берді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік сезімін арттыру және мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.
Бұл шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, өз пікірін ашық білдіруге жол ашты.
Сондай-ақ, «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді мүшелері анықталып, әр бағыт бойынша жауапты министрлер сайланды. Сайланған белсенділер алдағы уақытта мектеп ұжымымен бірлесе отырып, оқушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау мен мектеп өмірін жақсартуға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыратын болады.