«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
15 желтоқсан күні мектебімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына оқушы, «Жас Ұлан» оқушы қабылданды. Қабылданған оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған «Жұлдыз» өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Кан И.Т сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.