09
сентябрь
2025
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында: «Еңбек-түбі береке» тақырыбында сурет байқауы
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Еңбек – түбі береке» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбектің мәні мен маңызын терең түсінуіне ықпал ету, оларды адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар суреттерінде еңбек адамдарының бейнесін, адал еңбектің құндылығын және еңбектің берекелі нәтижесін өз қиялдары арқылы көркем жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындылар арнайы көрмеге қойылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.