«Уыз Май Индастри» зауытына экскурсия » Жетісу облысы Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Б.Құндақбаева атындағы №1 орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2025

«Уыз Май Индастри» зауытына экскурсия

Ақпанның жетісі күні Жетісу облысы, Көксу ауданындағы ТОО «Уыз май Индастри» зауытында, КГУ «Jetisu Jastary» филиалы «KoksyJastary» және Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен РДМТК «Тритон» Көксу ауданының кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» қолдауымен, Көксу аудандық білім бөлімі мен Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Еңбектің күші – елдің күші» атты іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты: еңбек саласында жұмыс істейтін адамдарға құрметті арттыру, олардың экономика мен қоғамды дамытуға қосқан үлесін көрсету. Жастар мен басқа да топтарды ынталандыру, олардың құндылығына назар аударту.

Іс-шара аясында Б. Кұндақбаева атындағы мектептің оқушылары педагог-ұйымдастырушы Салтанат Иламбекованың жетекшілігімен соя зауытына барып, сояны өңдеу процесімен танысу мүмкіндігін алды. Экскурсия тек білім беру тұрғысынан ғана емес, жастардың агроөнеркәсіптік салада жұмыс істеуге деген ынтасын арттыратын шабыттандыратын шараға айналды.Кейіннен зауыттың инженерлері – бас инженер Сакардин Сергей Леонидович пен өңдеу желісінің бастығы Мангенов Дастан Советжанович өндірістік процеске тереңірек тоқталып, соя бұршағынан май, шрот және басқа да өнімдерді қалай алатынын көрсетті. Оқушылар тазалау, ұнтақтау, экстракциялау және сүзу кезеңдерін көріп, сояның пайдасын сақтау үшін қолданылатын технологиялар туралы түсінік алды. 

Экскурсия соңында оқушыларды зауыт ұйымдастырған дәмді және нәрлі түскі ас күтті. Ас үстінде олар көргендерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдірді.

«Мен алғаш рет сояны қалай өңдейтінін көрдім. Бұл өте күрделі процесс екен. Енді зауыттардың қалай жұмыс істейтінін және осындай кәсіпорындардың экономика үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін», – деді оқушылардың бірі Нұрболат Талпын.

https://www.instagram.com/reel/DFz_u3poz3O/?igsh=MTBwOGdtaXl6anlxNQ== 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив