НАШАҚОРЛЫҚ, ЛУДАМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ
22 қаңтар күні есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары: полиция қызметкерлері және аудандық прокуратура прокуроры Б.ҚҰНДАҚБАЕВА атындағы №1 ОМ оқушыларымен кездесу өткізді.
«Есірткінің зияны, олардың денсаулыққа, психикаға және өмірге әсері, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Білім басқармасымен, аудандық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығы мен психикасына әсері туралы айтты.
Кездесуде мамандарды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді түрде 9-10 сынып оқушылары қатысты. Есірткінің өмірді қалай бұзатыны, денсаулыққа ауыр зияны және адамды тәуелді етуі туралы әңгімелесу жүргізілді. Тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды: балаларға заңды бұзғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні түсіндірілді.