Абай Құнанбайұлына 175 жыл
Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде қазақтың ірі тұлғаларының бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің негізін қалаған ұлы дала тұлғасы 175 жыл толып отырған Абай Құнанбайұлының мол мұраға толы өмірі мен шығармашылығын дәріптеу. Кеш барысында мектеп оқушылары Абай атамыздың өмірінен үзіндіні қойылым етіп қойым, әдемі әуезді әндерін орындады. Сонымен қатар «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» демекші оқушыларымыз атамыздың өлеңдерін оқып, көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған ұлы Абайдың қарасөздері де ескерілмей қалмады. Оқушыларымыз атамыздың қарасөздерін оқып, оның тәрбиелік мәнін тарқатты. Әдеби кешіміздің көрермені болып Балпық би ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Р.Омаркулова келіп, оқушыларымызға ауыл әкімінің мақтау қағаздарын табыс етті.