16
January
2020
«Жемқорлық – қоғам індеті»
Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының оқу – тәрбие жоспарына сәйкес қаңтар айының 16 күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Кенжетаева мен педагог – ұйымдастырушы Ә. Көкеновтың ұйымдастыруымен мектебімізідің 8-11 сынып оқушыларына терроризмнің алдын алу және «Жемқорлық – қоғам індеті» тақырыптарында аудан әкімінің ұйымдастыру мемлекеттік құқықтық және АХАТ бөлімінің бас инспекторы Алибеков Асет Жасмергенұлымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға терроризм жайлы нақты ақпараттар беру, бейнероликтер көрсету және жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық қоғам дерті екенін, оның салдары жайлы дәріс оқыды. Кездесу басында келген қонақпен педагог – ұйымдастырушы таныстырып өтті. Алибеков А.Ж оқушыларға терроризмнің қауіптері, одан сақтану жолдары, оның салдары, түрлері жайлы дәріс оқып, артынан бейнероликтер көрсетті. Оқушылар сұрақ қойып ашық диалог құрды. Сонымен қатар жемқорлық жайлы да көптеген пайдалы мәліметтер беріп, ситуациялық сұрақтар қойып, одан шығу жолын көрсетіп, жарқын болашаққа жарқын бағдар жасау жолын ұсынып, ақыл – кеңесін берді. Осы тақырыпта оқушылармен кішігірім пікірсайыс өткізіп, түрлі мысалдар келтірді. Оқушыларымыз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, келген қонағымызға өз ықыластарын білдіріп, келешекте алған білімдерін өмірде дұрыс қолданатындарын айтып жеткізді.