08
November
2019
Қыздар жиналысы
Қараша айының 8 жұлдызында "Балауса" қыздар ұйымының жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, 8-10 сынып қыздары және сынып жетекшілер қатысты. Жиналыста түрлі сұрақтар қаралды. Қыз баланың мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі, мектеп формасы сынды тақырыптар қозғалып оқушылармен ашық диалог құрылды.