17
January
2020
"Адалдық"
Бүгін мектебімізде 9 сынып жетекшісі Кусаинова Гулден Болатқызының ұйымдастыруымен "Адалдық" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына оқушыларымызға адалдық жайлы үлгі - өнеге көрсететін, ауданымыздың құрметті азаматы Қойшыбаев Мырзалы Оспанұлы шақырылды. Сынып сағатының мақсаты - оқушыларымызды өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу. Келген қонағымыз оқушыларға өзінің үлгілі- өнегелі өмір тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, оқушыларымызды әр істе адал болуға шақырды.