13
февраль
2020
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
Мектебімізде 2019-2020 оқу жылының оқу - тәрбие жоспарына сәйкес ақпан айының 13 күні "Ерлікке тағзым - ұрпақ парызы" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған кештің мақсаты - оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Кеш барысында оқушыларымыз қойылым қойып, ата-бабалардың аруағына монолог оқып, кhouseшертіп, би биледі. Кеш қонағы болып Башыбаев Ғапу Қабытайұлы, Табалдинов Советхан Жумадилович келді. Кеш соңында аталарымыз оқушыларымызға алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.