Әлеуметтік қызмет бөлімінің жылдық жұмыс жоспары
Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары
Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік - педагог жұмысының негізгі бағыттары:
Мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызыметі төмендегідей бағыттардан тұрады:ұйымдастыру шаралары, зерттеу шаралары, түрлі санаттағы балалармен жұмыс, отбасымен жұмыс.