ДІни экстремизм және фундаментализм
Б. Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінің 2019 – 2020 оқу жылының оқу – тәрбие жоспарына сәйкес ақпан айының 19 күні «Діни экстремизм мен терроризмнің» алдын алу жұмыс жоспары негізінде «Діни экстремизм және фундаментализм» тақырыбында мектеп оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Қ. Байсовтың ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқушылардың діни сауатталығын арттыру, теріс ағымның жетегіне еріп кетпеу сынды түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жиын барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты бенеролик көрсетілді. Бейнероликтің мазмұны – теріс ағымдағы адамдарды қалай ажыратамыз, оның арам пиғылдарын іске асыруға қалай жол бермеуге болады деген сұрақтардың жауабынан тұрды. Жиналыс барысында оқушылар сұрақтарын қойып, тақырыпқа қатысты өз ойларын, пікірлерін ашып айтты. Сонымен қатар осыған байланысты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кенжетаева сөз алып, өз сөзінде ғаламтор желісі арқылы да теріс ағымдағы адамдардың арам ниетіне алданып қалу мүмкіндігі бар екенін айтып, оның алдын алу жолдарын, алданып қалмау керектігін айтып өтті.